Сурет: Egemen Qazaqstan
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Маңғыстау облысында өңдеу секторы мен инфрақұрылымды нығайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Биылғы бірінші жартыжылдықта өңір негізгі бағыттарда тұрақты даму қарқынын көрсетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Экономикалық өсімнің негізгі үлесі өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және көлік-логистика кешені есебінен қамтамасыз етілді. Өңдеу өндірісі жетекші орынға шықты: Маңғыстау экономикасының дәстүрлі құрылымы өзгеруде.
Өнеркәсіп кәсіпорындары жыл басынан бері 2,1 трлн теңгеге өнім өндіріп, нақты өсім 3,6%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемі 39%-ға артып, 186 млрд теңгеге жетті. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі шамамен 500 млрд теңгені құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 11,8%-ға өсіп, 178,3 млрд теңгеге жетті. Тұрғын үй құрылысы да қарқынды: 275 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 4,6%-ға жоғары.
Көлік қызметтері 8,5%-ға өсіп, 272,6 млрд теңгені құрады. Ішкі сауда айналымы 500 млрд теңгеге жетіп, нақты мәнде 3,3%-ға өсті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 17,8 млрд теңге болып, 1,9%-ға өсті.
2026 жылдың басынан бері облыста 9 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, оның 3 780-і тұрақты, 5 367-сі уақытша. Жұмыссыздық деңгейі 5%-ға дейін төмендеді. Орташа айлық жалақы 6,2%-ға артып, 660 мың теңгеге жуықтады.
Мазмұнға өту
