Қоғам

Магистратура грантының нәтижесі 24 тамызда жарияланады

Сурет: istockphoto.com

2026-2027 оқу жылына арналған магистратура гранттарының иегерлері 24 тамызда сағат 15:00-де белгілі болады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, республикалық комиссия магистратураға мемлекеттік гранттарды тағайындау жұмысын аяқтап, үміткерлердің өтініштерін қараған. Конкурс қолданыстағы ережелерге сәйкес өткізілді.

Іріктеу нәтижелері Ғылым және жоғары білім министрінің ресми парақшаларында және министрліктің ақпараттық ресурстарында жарияланады.

«Биыл магистратура гранттарының конкурсына қатысу үшін 23 мыңға жуық өтініш қабылданды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 мыңға артық. Үміткерлер арасында «Педагогикалық ғылымдар», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», сондай-ақ «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» білім беру бағыттарына сұраныс жоғары болды», деді министр.

Магистратураға құжат қабылдау 28 тамызға дейін жалғасады.

Еске салайық, 7 тамызда мемлекеттік білім гранттарының иегерлері анықталды. Биыл мемлекеттік грант конкурсына қатысу үшін 127 мыңнан астам өтініш қабылданған.

Көп оқылғандар