Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстанда лудомания мәселесін ғылыми тұрғыдан зерттеу қолға алынды. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде арнайы зерттеу орталығы ашылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен өткен іс-шарада отандық ғалымдардың лудоманияға қарсы күрес жөніндегі ғылыми еңбектері таныстырылды. Зерттеу орталығы құмар ойынға тәуелділіктің әлеуметтік себептерін анықтап, алдын алу шараларын әзірлемек.
«Лудомания – бүкіл қоғамға қауіп төндіретін дерт. Біздің міндетіміз – ғылыми негізделген шешімдер ұсыну», – деді университет өкілі.
Мамандардың айтуынша, жаңа орталық тәуелділікпен күресудің тиімді әдістерін әзірлеп, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Қазірдің өзінде бірнеше зерттеу жобасы басталып кеткен.

