Әлем

Краковтағы атыс: күдікті ауруханада қайтыс болды

Сурет: ABC News

Польшаның Краков қаласында алты адамның өмірін қиған атысқа күдікті 24 жастағы ер адам ауруханада көз жұмды. Бұл туралы 9 қарашада Польша полициясы мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Қайғылы оқиғаға кінәлі адам бүгін таңертең ауруханада қайтыс болды», — делінген полиция хабарламасында.

Оқиға 7 қарашада болған. Күдікті Краковтағы базар алаңының маңында көліктен шығып, адамдарға оқ атқан. Салдарынан 6 адам қаза тауып, 16 адам жараланды. Зардап шеккендердің екеуі полицей.

Қашпақ болған күдікті жараланып, ауруханаға жеткізілген. Оның толық аты-жөні ресми түрде жарияланбады.

Кейін ер адамның Островец-Свентокшиски қаласындағы пәтерінен оқ жарақатынан қаза тапқан үш адамның мәйіті табылды. Полиция олардың күдіктінің әкесі, анасы және 21 жастағы әпкесі екенін анықтады.

Қылмыстың себептері әзірге белгісіз. Оқиғаға байланысты терроризм дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Мемлекет басшысы Польша Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.

Көп оқылғандар