Сурет: Report
Колумбияда магнитудасы 7,4 балдық жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 169-ға жетті. Қайтыс болғандардың 85-і Кали қаласында, 66-сы Перейрада тіркелді. Сондай-ақ, зілзала кезінде 668 адам жарақат алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Құрбандар мен зардап шеккендердің саны артуы мүмкін, себебі іздеу-құтқару жұмыстары әлі жалғасуда. Үйінділер астында адамдар қалуы ықтимал. Жалпы ел бойынша 165 ғимарат қираған.
Қазіргі уақытта Перейра, Манисалес, Кибдо және Буэнавентура әуежайларының жұмысы тоқтатылды.
«Қауіпсіздік мақсатында бұл әуежайлардағы әуе қатынасы инфрақұрылымның құрылымдық зақымдануы бағаланғанға дейін тоқтатылды», делінген хабарламада.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, Колумбияның бірқатар қаласында байланыс қызметінде ақаулар байқалған. Елдің Чоко департаментінде бір адам қаза тауып, 10 адам жарақат алған, тағы үш адам хабар-ошарсыз кеткен.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Колумбиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Қазақстан халқының және өзінің атынан Президент Абелардо де ла Эсприэльяға және оның отандастарына көңіл айтты.
Мазмұнға өту
