Басты тақырып

Колумбиядағы жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 265-ке жетті

Сурет: Анадолы

Колумбияда 10 тамызда болған магнитудасы 7,4 балдық жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 265-ке жетті. Ел президенті Абелардо де ла Эсприэлья Боготадағы Сан-Карлос сарайынан мәлімдеме жасап, жер сілкінісінің салдары туралы соңғы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президенттің айтуынша, 3 494 адам жарақат алған, 496 адам хабар-ошарсыз кеткен. Жер сілкінісі 52 816 адамға әсер еткен. Кали, Перейра, Кибдо, Манисалес және Армения қалаларында «қызыл деңгейдегі» дабыл режимі әлі де сақталады.

Ұлттық сот медицинасы және сот сараптамасы институтының соңғы бюллетенінде Манисалес, Перейра, Кали, Буга, Тулуа, Буэнавентура және Кибдо қалаларынан жеткізілген 202 марқұмның 122-сінің жеке басы анықталғаны хабарланды.

Бұған дейін елде үш күндік «ұлттық аза тұту» жарияланғаны мәлім болған. Президент Де ла Эсприэлья қаза тапқандар саны ең көп тіркелген Перейра қаласында баспанасынан айырылған отбасыларға пәтер жалдау ақысын төлеуге көмек көрсетілетінін айтты.

Колумбияның батысында магнитудасы 7,4 болатын күшті жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулері елдің бірнеше аймағында, соның ішінде Богота мен Медельинде сезілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Колумбиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Қазақстан халқының және өзінің атынан Президент Абелардо де ла Эсприэльяға және оның отандастарына көңіл айтты.

Көп оқылғандар