Сурет: Видеодан алынған кадр
Колумбияда 10 тамызда жергілікті уақыт бойынша таңғы 07:34-те болған магнитудасы 7,4 балдық жер сілкінісінен кемінде 111 адам қаза тауып, 87 адам жарақат алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Елде ұлттық деңгейде төтенше жағдай жарияланып, құтқару жұмыстары басталды. Табиғи апат салдарынан 1 575 тұрғын үй зақымданып, 37 ғимарат толық қираған. Сонымен қатар 18 денсаулық сақтау нысаны, 52 білім беру мекемесі, 18 жол және жеті әуежай зардап шеккен. Апат аумақтарына әскер мен құтқарушылар тартылды.
Жер сілкінісінің эпицентрі елдің батысындағы Чоко өңіріндегі Сан-Хосе-дель-Пальмар маңында орналасқан.
Мазмұнға өту
