Спорт

Көшпенділер ойыны: көк бөріден Қазақстан күміс алды

Сурет: Egemen Qazaqstan

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көк бөріден өткен финалдық бәсекеде Қазақстан құрамасы Қырғызстанға 0:12 есебімен жол беріп, күміс жүлдені қанжығасына байлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Осы жеңіспен Қырғызстанның алтын медаль саны Қазақстанмен теңесті — 26:26.

Еске сала кетейік, Президент Көшпенділер ойындарында ел намысын қорғағандардың еңбегі еленетінін айтқан еді.

Көп оқылғандар