Сурет: ТЖМ
Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов казарма қорын ашу рәсімінен кейін әскери бөлім командиріне пәтер кілтін табыстады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
48 пәтерлік офицерлер үйіндегі пәтер толық жөндеуден өтіп, әскери бөлім командирі мен оның көпбалалы отбасына берілді. Онда заманауи жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тұрғын бөлмелер жаңартылып, жаңа жиһаз бен тұрмыстық техника орнатылды. Отбасыға жайлы тұру үшін барлық жағдай жасалды.
Әскери қызметшілер мен олардың отбасыларына лайықты жағдай жасау ведомство жұмысының басым бағыттарының бірі болып қала береді. Тұрғын үй қорын жаңарту жеке құрамды сапалы тұрмыс жағдайларымен қамтамасыз етіп, әскери қызметшілерге әлеуметтік қолдауды күшейтеді.
ТЖМ әскери бөлімдерінің тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасады.
Мазмұнға өту
