Спорт

Көкпар: Қазақстан мен Қырғызстан бас жүлде үшін таласады

Сурет: ТСМ

Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының соңғы жарыс күнінде көкпардан финалдық сайыс өтеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бірер сағаттан кейін көкпар алаңына Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары шығып, бас жүлдені сарапқа салады. Бұл кездесу екі елдің ұлттық құрамалары арасындағы ең маңызды әрі көпшілік күткен бәсекелердің бірі болмақ.

Қазақстан құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте көшбасшылар қатарында келеді. Отандастарымыз бұған дейін бірқатар спорт түрінен жүлдеге ие болып, ел қоржынына алтын, күміс және қола медальдар салды.

Бүгін ұлттық спорт жанкүйерлерінің назары көкпар мен көкбөріге ауады. Қазақстан құрамасы екі спорт түрінен де жүлдеге таласады.

Көкбөрі мен көкпар сайысын жанкүйерлер Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады. Көкбөрі додасы сағат 09:00-де, көкпар бәсекесі 11:00-де өтеді.

Осылайша, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының соңғы күні ұлттық спорттың қос бәсекесі — көкпар мен көкбөрі тартысымен түйінделеді.

Көп оқылғандар