Сурет: kt.kz
Ақмола облысындағы Көбейтұз көліне ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін беру жұмыстары басталды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен көлді «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына енгізу жоспарлануда, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қазір көл аумағында табиғатты қорғау шаралары жүргізілуде. Көл маңына қоршаулар мен ақпараттық тақталар орнатылды.
Алдағы уақытта келушілер үшін арнайы автотұрақтар мен шолу алаңдары салынады. Бұл туристерге табиғатқа зиян келтірмей көлдің көрінісін тамашалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Көбейтұз көлінде бірқатар шектеулер енгізілді: автокөлікпен кіруге, жағалауға баруға, шомылуға, тұз бен емдік балшық жинауға тыйым салынды. Аумақты ұлттық парк инспекторлары мен полиция тәулік бойы күзетеді, — делінген Ақмола облысы әкімдігінің хабарламасында.
Мамандардың пікірінше, бұл шаралар антропогендік әсерден зардап шеккен экожүйені сақтауға бағытталған. Әкімдік тұрғындар мен туристерді белгіленген талаптарды сақтауға шақырды.
Астанадан 160 шақырым жерде орналасқан Көбейтұз көлі қызғылт түсімен танымал. Соңғы жылдары туристер саны артқан.
Мазмұнға өту
