Categories Жайық news

Киллер жалдап, күйеуін өлтірмек болған: БҚО-дағы атышулы оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Батыс Қазақстан облысында тапсырыспен кісі өлтіру ісі бойынша сот процесі аяқталды. Бұл туралы ZhaiyqMedia агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Тергеу деректеріне қарағанда, айыпталушы әйел пайдакүнемдік мақсатта күйеуін өлтіру үшін киллер жалдаған. Ол ер адамды 2 миллион теңгеге өлтіруі тиіс болған.

«Прокурор Дина Ізтілеуова сот жарыссөзі кезінде айыпталушылардың кінәсі дәлелденгенін атап өтіп, әйелге 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын, ал киллер болған ер адамға 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады», – делінген басылым хабарламасында.

Аталған істі қазылар алқасының екінші құрамы қарауда. Бұған дейін прокурор Доспол Жұбановтың өтінішімен алғашқы құрам таратылған болатын. Ал айыпталушылар мен олардың қорғаушылары тағылған айыптармен толық келіспейтінін айтып, қазылардан ақтап шығуды сұрады.

Айыпталушы Эльвира Еркебаеваның адвокаты Тамара Сарсенова мұны «толық заңсыздық» деп атады.

Еске сала кетсек, өткен жылдың наурыз айында БҚО полициясы тапсырыспен кісі өлтірудің алдын алған еді. Жәбірленушінің өміріне қауіп төнбеген. Аталған қылмысқа күдікті ретінде жәбірленушінің бұрынғы әйелі мен оның танысы ұсталған болатын. Тергеу деректеріне сай, әйел кісі өлтіруге қажет қару-жарақ алуы үшін ұйымдастырушыға 1,3 млн теңге берген.

Ұқсас жазбалар

ОБЛЫС ӘКІМІ МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУЫН ЖЕТКІЗДІ

Жеңіс күніне орай облыс әкімі Нариман Төреғалиев майдангерлердің шаңырағында болып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерекелік…

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР БАТЫРЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

Бүгін өңір тұрғындары Жеңіс алаңына жиналып, Отан үшін от кешкен батырлардың рухына тағзым етті. Мәңгілік…

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде…