Сурет: Egemen Qazaqstan
Әлем чемпионатының үшінші орын үшін матчында Франция мен Англия арасындағы кездесуде Мбаппе екі гол соғып, турнирлердегі жалпы гол санын 22-ге жеткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Осылайша француз шабуылшысы бұл көрсеткіш бойынша Аргентина құрамасының көшбасшысы Лионель Мессиден озып шықты. Қазір 27 жастағы футболшының еншісінде 22 гол бар. Осы көрсеткіш бойынша ол әзірге 21 голы бар Аргентина құрамасының капитаны Мессиден алда келеді. Алайда Мессиге әлі Испанияға қарсы әлем чемпионатының финалында өнер көрсету мүмкіндігі бар.
«Лео үнемі гол соғып жүреді. Ол испандардың қақпасын да дәл көздейді деп сенемін. Қазір үздік сұрмергендер тізімінде бірінші орында тұрғанымды сезіну, әрине, жағымды. Бірақ мен финалда ойнағанды қалар едім. Әлем чемпионаттары тарихындағы үздік бомбардир атану мұрам үшін маңызды. Дегенмен менің бар ойым әлем чемпионы атану болды», деді Мбаппе L’Équipe басылымына берген сұхбатында.
Бұған дейін Мбаппе Англиядан 4:6 есебімен жеңілген үшінші орын үшін матч Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешамның 14 жылдық еңбегін жоққа шығармайтынын айтқан болатын.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатының финалы бүгін, 19 шілде 23:50-де басталады. Шешуші кездесуде Аргентина мен Испания құрамалары чемпиондық атақ үшін таласады.
Мазмұнға өту
