Categories Саясат

Кения президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді: ресми қарсы алу рәсімі өтті

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Кения Президенті Уильям Рутомен ресми қарсы алу рәсімі өтті. Мемлекет басшысы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Рәсім барысында екі елдің әнұрандары шырқалып, құрмет қарауылы сап түзеді. Кения президентін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Бұдан кейін екі ел басшыларының келіссөздері өтеді. Кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастық пен инвестициялық жобалар талқыланады деп күтілуде.

Ұқсас жазбалар

«Бұл – теңсіздік»: депутат ҰБТ-дан жоғары балл алғандарға берілетін сыйлықтарды сынға алды

Мәжіліс депутаты ҰБТ-дан жоғары балл алған оқушыларға білім орталықтары беретін қымбат сыйлықтарды сынға алып, бұл…

Енді облыс пен ауыл құрудың жаңа ережесі бекітілді: Парламент заң қабылдады

Парламент екінші оқылымда әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы Конституциялық заңды қабылдады. Енді облыстар мен ауылдарды құрудың нақты…

Астана мәртебесі: жаңа заң қаланы басқаруды қалай өзгертеді?

Парламент «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Конституциялық заңды екінші оқылымда мақұлдады. Құжат елорданың құқықтық мәртебесін…