Сурет: istockphoto.com
26 шілдеге қараған түні Каспий теңізінде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Әзербайжан Республикасының Сейсмологиялық қызметі жанындағы Жер сілкіністерін зерттеу бюросының мәліметінше, жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 03:04-те тіркелген. Жер сілкінісінің магнитудасы 3,2 баллды құрады. Зілзала ошағы 20 шақырым тереңдікте орналасқан.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.
Еске сала кетейік, бұған дейін 2 мамырда Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелген еді. Жер сілкінісінің магнитудасы 3,0-ді құраса, оның эпицентрі 27 шақырым тереңдікте орналасқан болатын.
Мазмұнға өту
