Categories Жайық news

Kaspi арқылы тиын жіберіп, хат жазған: Әйелін қудалаған кәсіпкер 25 тәулікке қамалды

Алматы облысында сот бұрынғы әйелін банк қосымшасы арқылы аңдып, үнемі мазасын алып келген кәсіпкерді 25 тәулікке қамау туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы былтырғы қыркүйек айынан бастап жәбірленушінің ізіне түсіп, үнемі қудалап келген. Ол әйелдің телефонына қайта-қайта қоңырау шалып, WhatsApp пен Telegram арқылы хабарлама жазған. Әйел оның нөмірін бұғаттап тастағаннан кейін, ер адам онымен байланысудың өзгеше жолын тапқан.

Кәсіпкер Қазақстандағы танымал банктердің бірінің мобильді қосымшасын пайдаланған. Ол бұрынғы әйелінің есепшотына үнемі аз мөлшерде ақша аударып, аударымның сипаттамасы бөліміне түрлі хабарламалар жазып отырған.

Сот мұндай әрекеттерді табанды түрде мазалау және қудалау деп бағалады.

Жәбірленуші әйелдің айтуынша, күйеуінің бұл әрекетінен кейін оның үрейі артып, мазасы кетіп, ұйқысы бұзылған. Сот бұл жағдай оның психикалық денсаулығына айтарлықтай зиян келтіріп, қалыпты өмір сүру салтын бұзды деп таныды.

Нәтижесінде Алматы облысының Қарасай аудандық соты ер адамды кінәлі деп тауып, оны 25 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы үкім шығарды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…