Басты тақырып

Кашмирдегі су тасқыны мен көшкіннен 11 адам қаза тапты

Сурет: Синьхуа

Үндістанның Кашмир өңірінде нөсер жауыннан туындаған су тасқыны мен жер көшкіні салдарынан кемінде 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Табиғи апат Сринагар қаласының оңтүстік-батысындағы Пунч және Раджоури шекаралық аудандарында болды. Жергілікті биліктің мәліметінше, толассыз жаңбырдан кейін ойпатты жерлерді су басып, жүздеген тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Тағы жеті адам із-түзсіз жоғалды.

Өзендердің арнасынан тасуына байланысты ондаған көлікті су ағызып әкетті немесе су астында қалдырды. Соның салдарынан өңірдің инфрақұрылымына айтарлықтай зиян келді, – деп хабарлады жергілікті билік.

Құтқару қызметтері жоғалған адамдарды іздестіріп, оқшауланған тұрғындарды қауіпсіз аймақтарға эвакуациялауда. Бұл жұмыстар толассыз жаңбыр мен зақымданған жолдарға байланысты қиындап тұр. Синоптиктердің болжамынша, өңірде нөсер жауын 23 шілдеге дейін жалғасады.

Көп оқылғандар