Сурет: gov.kz
Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Министрлік мәліметінше, фитосанитариялық бақылау кезінде бірқатар өңірде карантиндік организмдермен залалданған өнімдердің елге әкелінуі анықталды. Абай облысында Ресейден жеткізілген 40 м³ қарағай кесілген ағаш материалдарын тексеру барысында карантиндік зиянкес – қара қоңыздың дернәсілдері табылды. Заң бұзушылық бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды.
Ақмола облысында Ресейдің бірнеше өңірінен әкелінген жалпы салмағы 1 236 тонна азық-түлікке арналған бидайға зертханалық зерттеулер жүргізілді. Қауіпті карантиндік арамшөптердің бар екені расталды. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, міндетті нұсқамалар берілді.
Маңғыстау облысында «Темір-Баба» фитосанитариялық бақылау бекетінде Ауғанстаннан әкелінген жалпы салмағы 24 тонна жаңа анарды тексеру кезінде тірі карантиндік зиянкес – Комсток сымыры анықталды. Залалданған өнім экспорттаушы елге қайтарылды.
Биыл шілде айында Солтүстік Қазақстан облысында карантиндік зиянкеспен залалданған ағаш материалдарын кіргізуге жол кесілген болатын.
Мазмұнға өту
