Сурет: Egemen Qazaqstan
Камчатка жағалауында магнитудасы 6,0 және 5,7 болатын екі жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ресей Ғылым академиясының «Бірыңғай геофизикалық қызмет» федералдық зерттеу орталығының Камчатка филиалы бұл туралы мәлімдеді. Екі жер сілкінісі де 15 шілде күні алты минут аралықпен тіркелген.
Жер асты дүмпулерінің эпицентрі Петропавл-Камчатский қаласының оңтүстік-шығысындағы теңіз акваториясында орналасқан. Алғашқы магнитудасы 6,0 болған сілкініс қаладан 210 шақырым қашықтықта, 64,6 шақырым тереңдікте тіркелді. Екінші магнитудасы 5,7 болған дүмпу Петропавл-Камчатскийден 206 шақырым жерде, 72 шақырым тереңдікте болды.
Мазмұнға өту
