Әлем

Израиль Ливандағы әскерін шығарудан бас тартты

Сурет: Арменпресс

Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) өз міндеттері толық орындалмайынша, Ливандағы қауіпсіздік аймағынан әскерін алып кетпейтіні белгілі болды. Бұл туралы ЦАХАЛ Бас штабының бастығы Эяль Замир Ливанның оңтүстігіндегі әскери қызметшілермен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

TASS мәліметінше, Ливанда құрылған қауіпсіздік аймағы террористік инфрақұрылымнан тазартылып жатыр. Ұзақ мерзімді қауіпсіздік қамтамасыз етілмейінше, әскер бұл аймақтан шығарылмайды.

«Қажет болған жағдайда ЦАХАЛ әскери операцияларды тереңдетіп, Ливанның қосымша аумақтарына баруға дайын», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта армия Ливан, Сирия, Газа секторы, Иордан өзенінің Батыс жағалауы және басқа да аймақтарда операциялар жүргізіп жатыр.

Көп оқылғандар