Сурет: Egemen Qazaqstan
Испанияның бірнеше өңірінде ірі орман өрттерінің шығуына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Тілсіз жау ел астанасы Мадрид маңындағы елді мекендерге және Авила провинциясына қауіп төндіріп отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта өрттің нақты аумағы анықталмаған, сондай-ақ оны толық ауыздықтау әзірге мүмкін болмай отыр. Қауіпсіздік мақсатында 10 мыңнан астам адам эвакуацияланды.
Өртті сөндіру жұмыстарына 270-тен астам құтқарушы, 40 жерүсті техникасы және әскери бөлімшелер жұмылдырылған. Төтенше жағдай жарияланғаннан кейін барлық қызметтердің жұмысын елдің Ішкі істер министрі үйлестіріп жатыр.
Мамандардың айтуынша, бірнеше жерде бір мезгілде тұтанған өрттің жылдам таралуына аптап ыстық пен қураған өсімдіктер себеп болған.
Reuters агенттігінің мәліметінше, биыл Испанияда табиғи апат салдарынан 100 мың гектардан астам жер өртеніп, 13 адам қаза тапқан.
Мазмұнға өту
