Сурет: Egemen Qazaqstan
Испания құрамасы Францияны 2:0 есебімен ұтып, футболдан әлем чемпионатының алғашқы финалисі атанды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жартылай финалда испаниялықтар француздардан басым түсті. Микель Оярсабаль пенальтиден есеп ашса, Педро Порро екінші голды соқты.
Бұл Испанияның тарихындағы екінші әлем чемпионатының финалы. Алғаш рет 2010 жылы олар чемпион атанған еді. Сондай-ақ испандықтар әлем чемпионаттарының плей-офф кезеңінде еуропалық құрамаларға қарсы соңғы сегіз кездесудің жетеуінде жеңіске жетті. Жалғыз сәтсіздік 2018 жылы Ресейге қарсы 1/8 финалда пенальти сериясында тіркелген.
Екінші жартылай финалда Англия мен Аргентина кездеседі. Ол ойын 15 шілдеде АҚШ-тың Атланта қаласында өтеді.
Финал 19 шілдеде Нью-Джерси штатындағы «Метлайф Стэдиумда», ал үшінші орын үшін матч 18 шілдеде Майамидегі «Хард Рок» стадионында өтеді.
Мазмұнға өту
