Сурет: sports.ru
Бүгін, 14 шілдеде, әлем чемпионатының жартылай финалында Франция мен Испания құрамалары финалдық жолдаманы сарапқа салады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
АҚШ-тың Даллас қаласында өтетін матч Қазақстан уақытымен сағат 23:50-де басталады. Ойынды «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Екі команда да плей-офф кезеңінде сенімді ойын көрсетті. Франция ширек финалда Марокконы 2:0 есебімен жеңсе, Испания Бельгияны 2:1 есебімен ұтып, жартылай финалға шықты.
Матч жеңімпазы әлем чемпионатының финалына жолдама алып, бас жүлде үшін таласады. Бұл ойында Франция өткен мундиальдағы қателігін қайталамауға тырысса, Испания Еуропа чемпионы ретінде кезекті жүлдеге ұмтылады.
Бұл кездесудің жеңімпазы финалда Англия – Аргентина жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Мазмұнға өту
