Сурет: видеодан алынған кадр
Бразилияның Рекрейо-дус-Бандейрантис маңында екі тікұшақ әуеде соқтығысып, алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, тікұшақтардың бірінде бес адам, екіншісінде ұшқыш болған. Апат салдарынан олардың барлығы қаза тапты.
Қаза тапқандардың арасында бразилиялық музыкалық продюсер, аргентиналық бейнережиссер, аргентиналық YouTube-блогер Гаспар Прим және әлемдік турнесі аясында Бразилияда жүрген америкалық әнші әрі ән авторы Оливер Три болған.
AP агенттігі алты адамның қаза тапқанын хабарлады. Оқиғаның себептерін анықтау үшін тергеу басталды.
Соқтығысудан кейін тікұшақтар электромобильдер сататын автосалонның автотұрағына құлаған. Соның салдарынан шамамен 20 көлік өртеніп кетті.
Дереккөздің мәліметінше, мәйіттердің қатты күйіп кетуіне байланысты қаза тапқандардың жеке басын әзірге анықтау мүмкін болмай отыр.

