Сурет: ЖИ
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 15 маусымда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең солтүстікте тұман болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан және батыстан соғады, күндіз солтүстікте, шығыста және орталықта екпіні 15 м/с жетеді. Оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде кей уақыттарда жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз солтүстікте, оңтүстікте және шығыста жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан және батыстан соғады, солтүстікте және шығыста екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі. Атырауда күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі, жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, солтүстікте, оңтүстікте және таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Солтүстікте төтенше және жоғары өрт қаупі, батыста және орталықта жоғары өрт қаупі сақталады, оңтүстікте жоғары өрт қаупі күтіледі. Алматыда жоғары өрт қаупі күтіледі. Қонаевта күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі, жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы бойынша 15 маусымда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі, жел оңтүстік-батыстан соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, солтүстікте және шығыста аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, батыста, солтүстікте және шығыста бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең батыста, солтүстікте және оңтүстікте тұман күтіледі. Петропавлда түнде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі, түнде және таңертең тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, батыста және орталықта кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз батыста, солтүстікте және орталықта екпіні 15-20 м/с. Батыста жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі, жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз батыста, солтүстікте, оңтүстікте және таулы аудандарда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аудандарда 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, батыста төтенше өрт қаупі сақталады, оңтүстікте төтенше өрт қаупі күтіледі. Таразда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі, жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с, жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, солтүстікте және шығыста бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, батыста, солтүстікте және шығыста екпіні 15-20 м/с. Солтүстікте жоғары өрт қаупі, шығыста төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі, жел батыстан соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең солтүстікте және шығыста тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз батыста және оңтүстікте екпіні 15-20 м/с. Батыста және оңтүстік-батыста жоғары өрт қаупі, қиыр батыста төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз батыста, солтүстікте және шығыста 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі, жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с, жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, батыста, солтүстікте және орталықта бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел батысқа, солтүстік-батысқа ауысады, түнде солтүстікте 15-20 м/с, күндіз батыста, солтүстікте және орталықта 15-20, екпіні 25 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі, жел оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

