Сурет: Қазақстан бокс федерациясының ресми парақшасы
Жалғас Утебеков Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі. Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі бұл туралы мәлімдеді.
U19 санатында 90 келі салмақта өнер көрсеткен Жалғас Утебеков жартылай финалда Өзбекстан боксшысы Асадбек Султанбоевпен кездесті. Отандасымыз белсенді шабуылдап, шаршы алаңда басымдық танытқанымен, төрешілер қарсыласты жеңімпаз деп танып, есеп 0:5 болды.
Бұған дейін Едіге Нұрғожа да Азия чемпионатының қола жүлдегері атанғаны хабарланған болатын.
Мазмұнға өту
