Спорт

Асу Алмабаев UFC рейтингінде үздік бестікке енді

Сурет: UFC

Аса жеңіл салмақтағы UFC жауынгері Асу Алмабаев жаңартылған Meta рейтингінде екі сатыға көтеріліп, бесінші орынға жайғасты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

UFC мәліметінше, жаңартылған рейтинг әр жекпе-жектің нәтижелері негізінде жасалады. Бұған дейін отандасымыз аталған рейтингте 7-орында тұрған болатын.

Еске сала кетейік, Асу Алмабаев бұған дейінгі жекпе-жегін 28 маусымға қараған түні Бакуде өткен UFC Fight Night 280 турнирінде өткізді. Отандық спортшы америкалық Чарльз Джонсонды мерзімінен бұрын жеңді.

Жекпе-жектің үшінші раундында Алмабаев қарсыласын партерге түсіріп, UFC тарихындағы ең сирек кездесетін әдістердің бірі – «Сулоев созылуын» сәтті орындады. Бұл әдіс бұған дейін UFC тарихында небәрі үш рет қолданылған.

Көп оқылғандар