Жайық news

Иран жалғыз қалды: Ресей мен Қытай АҚШ-пен соғысудан бас тартты

Қытай мен Ресей Иранмен тығыз дипломатиялық және экономикалық байланыс орнатқанына қарамастан, оны қорғау үшін АҚШ-пен тікелей әскери қақтығысқа баруға дайын емес, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл туралы беделді The Wall Street Journal басылымы жазды. Басылымның мәліметінше, Мәскеу мен Бейжің Тегеранмен қарым-қатынасты прагматикалық тұрғыда бағалайды, бірақ АҚШ президенті Дональд Трамп соққы беруге бұйрық берсе, Иран үшін Вашингтонмен тікелей текетіреске түсуге тәуекел етпейді.

Ресей мен Иран Оман шығанағында бірлескен шағын әскери-теңіз жаттығуын өткізген. Сондай-ақ алдағы уақытта Қытайдың қатысуымен де осындай шара жоспарланған. Алайда, сарапшылар бұл әрекеттерді АҚШ-тың аймақтағы ауқымды әскери қуатымен салыстырғанда өте шектеулі «күш көрсету» деп санайды.

«Қытай да, Ресей де Иран үшін Вашингтонмен текетіреске түсіп, тәуекелге бармайды. Олар үшін Тегеранмен байланыс – өзара тиімді, прагматикалық серіктестік, бірақ олар Иран үшін соғыс бастауды көздемейді», – деп қорытындылайды басылым сарапшылардың пікірін.

Фото: Әлеуметтік желіден

Көп оқылғандар