Сурет: istockphoto.com
Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы Бахрейндегі америкалық әскери базадағы радиолокациялық станцияға ұшқышсыз ұшатын аппараттармен шабуыл жасағанын хабарлады, деп жазады Zhaiyqmedia.kz.
Бұл қадам Тегеранның АҚШ әскери-әуе күштерінің Сирик қаласындағы байланыс нысанына жасаған соққысына жауап ретінде қабылданды.
Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Эсмаил Багаи Ислам Республикасына қарсы шабуылда АҚШ пен Израильге көмектескен кез келген ел оның салдары үшін жауап беретінін мәлімдеді.
Бахрейн билігі әуе кеңістігінде бірнеше нысанның жолы кесілгенін растады. Корольдік әскери басшылығы армияның жоғары жауынгерлік дайындық режиміне көшірілгенін және кез келген жаңа шабуылды тойтаруға дайын екенін жеткізді.
Еске салайық, 7 қараша күні АҚШ Иранның оңтүстігіндегі Кешм аралына соққы жасаған болатын.
Бұған дейін Иранда Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) Аэроғарыш күштеріне тиесілі жаңа жерасты зымыран кешені таныстырылған еді. Нысанда баллистикалық және қанатты зымырандар, сондай-ақ оларды ұшыру қондырғылары орналасқан.
Мазмұнға өту
