Жайық news

Инфляция, жасанды интеллект және жаңа экономика: Үкімет 2025 жылдың бағытын белгіледі

Үкімет отырысында 2025 жылға арналған еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен биылғы жылға арналған жоспарлар талқыланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов баяндама жасап, алдағы жылдың экономикалық көрсеткіштеріне және Үкіметтің жоспарына тоқталды.

Жиында цифрландыру үдерісі мен жасанды интеллект технологияларын енгізу жайы да сөз болды. Бұл тақырыпта Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев баяндама жасады.

Өз кезегінде Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ақша-несие саясатының негізгі бағыттары мен инфляцияны ауыздықтау үшін қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Көп оқылғандар