Басты тақырып

Индонезиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар 52-ге жетті

Сурет: BASARNAS

Индонезияның шығысында болған қуаты 7,7 балдық жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 52-ге жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Апаттармен күрес жөніндегі ұлттық агенттіктің мәліметінше, зілзала салдарынан Сикка мен Маумере қалаларында ғимараттар мен үйлер қираған. Табиғи апаттан кейін теңіз деңгейі 1 метрге дейін көтеріліп, цунами қаупі туған. Алайда көп ұзамай толқын қаупі сейіліп, дабыл тоқтатылған.

АҚШ-тың Геологиялық бақылау қызметі дүмпу эпицентрі Флорес аралында 10 шақырым тереңдікте орналасқанын хабарлаған.

Бұған дейін 20 адамның үйінді астында қалып қаза тапқаны белгілі болған еді. Қазір іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Көп оқылғандар