Қоғам

«Халық үні» — сайлауды әділ бақылайды.

Орал қаласында «Халық үні» байқаушылар тобы құрылып, өз жұмысын бастады.

Тәуелсіз байқаушылар тобының жұмысы өңірлердегі байқаушыларды оқыту жұмыстарымен жалғасын тапты.

Оқыту барысында сайлау үдерісіндегі тәуелсіз байқаушының рөлі, құқықтары мен міндеттері, дауыс беру күні назар аударуға тиіс маңызды мәселелер, сондай-ақ заң талаптарын сақтау және бақылау жүргізудің негізгі қағидалары кеңінен түсіндірілді.

Қатысушыларға сайлау учаскесіндегі жұмыс тәртібі, дауыс беру процесін бақылау, заң бұзушылықтардың алдын алу және туындаған жағдайларды дұрыс тіркеу бойынша практикалық түсіндірмелер берілді.

Оқытудың басты мақсаты — сайлау процесін сауатты, ашық әрі бейтарап бақылай алатын, өз құқықтары мен міндеттерін жақсы білетін жауапкершілігі жоғары байқаушыларды даярлау.

Әділ сайлау — ашықтықтан, жауапкершіліктен және саналы бақылаудан басталады!

#ХалықҮні #Орал#Байқаушы #Сайлау #Оқыту #ТәуелсізБайқаушы

Көп оқылғандар