Сурет: BILD
Грекиядағы ең күрделі жағдай Беотия өңірінде қалыптасып, орман өрттері әлі де кең аумаққа таралуда. Порто-Гермено курорттық кентінің маңындағы өрт Афина бағытына қарай жылдам жылжуда. Өрт шебі Батыс Аттикадағы Мегара қаласынан небәрі 5 шақырым жерде орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
BILD деректеріне сәйкес, Беотия өңірінде өрт салдарынан 100 мың гектар аумақ жанып кеткен. Тілсіз жаумен күреске өрт сөндіру авиациясының 10 ұшағы мен 14 тікұшағы, сондай-ақ 500 өрт сөндіруші жұмылдырылған.
Өрт туристер көп баратын Кефалония аралында да өршіп тұр. Осыған байланысты бүгін таңертең қонақүйлер мен демалыс орындарынан адамдар эвакуацияланды. Сондай-ақ бірнеше ауылдың тұрғындарына қауіпсіз аймақтарға көшу туралы нұсқау берілді.
Грекияда аптап ыстық пен қатты жел сақталып отыр, бұл өрттің одан әрі таралуына қолайлы жағдай жасауда.
Мазмұнға өту
