Сурет: facebook.com/GuyanaOPM
Гайана жағалауында 116 адам мінген жолаушылар паромы апатқа ұшырады. Бұл туралы жергілікті билікке сілтеме жасап хабарланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Алдын ала мәлімет бойынша, әзірге 53 адам құтқарылды. Іздеу-құтқару операциясы жалғасып жатыр.
Паром Джорджтаун қаласынан Порт-Кайтума бағытына бет алған кезде Померун өзенінің сағасына жақын орналасқан Айрон-Пант (Iron Punt) ауданында аударылып кеткен.
Экипаж 18 шілде күні кешке апат туралы белгі берді. Осыдан кейін төтенше жағдайларға ден қою тетіктері дереу іске қосылды, – деді Гайана премьер-министрі Марк Филлипс.
Оның айтуынша, құтқару жұмыстарына мемлекеттік қызметтермен қатар жекеменшік сектордың кемелері де жұмылдырылған. Билік құтқару бөлімшелерінен жедел ақпарат алып отыр және барлық жолаушылар мен экипаж мүшелерін аман алып қалуды басты міндет санайды.
Іздеу-құтқару тобы MV BARIMA паромын борттағы адамдардың белгі беру зымырандарын атуының арқасында анықтады, – деп хабарлады жергілікті билік.
Мазмұнға өту
