Басты тақырып

Францияда торнадо жүздеген үйді қиратып, 26 адам зардап шекті

Сурет: Фото: Agence France Presse / CYRILLE KALDOR

Францияның Од департаментінде торнадо салдарынан кемінде 26 адам зардап шегіп, жүздеген үй қирады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Euronews дерегіне сүйенсек, дүйсенбі күні сағат 17:20 шамасында торнадо Каркассон мен Лиму арасындағы Помас коммунасын және маңайдағы елді мекендерді шарпыған. Помаста жүзге жуық үй зақымданып, көпшілігінің шатыры ұшып кеткен, кейбір ғимараттар толық қираған.

26 адам орташа жарақат алған, оларға медициналық көмек көрсетіліп, 5-еуі ауруханаға жеткізілді. Үйлеріне қайта алмаған тұрғындар үшін Помас пен Лимуда екі уақытша баспана ашылды. Жандармерия зардап шеккен аудандарда патрульдік қызмет ұйымдастырды.

Апат салдарын жоюға 115-тен астам өрт сөндіруші, оның ішінде қалалық құтқаруға маманданған 14 қызметкер мен кинологтар жұмылдырылды.

Көп оқылғандар