Басты тақырып

Францияда әлем чемпионатындағы жеңілістен кейін жаппай тәртіпсіздіктер болды

Сурет: Mint

Әлем чемпионатының жартылай финалында Франция құрамасы Испаниядан ұтылған соң, елдің бірнеше ірі қаласында жаппай тәртіпсіздіктер орын алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Техас штатында өткен кездесуде Испания құрамасы Францияны 2:0 есебімен жеңді. Микель Оярсабаль 22-минутта пенальтиден есеп ашса, Педро Порро 58-минутта екінші голды соқты.

Матч аяқталғаннан кейін Париж бен басқа қалаларда жанкүйерлер наразылық білдіріп, шеру ұйымдастырды. Олар бас бапкер Дидье Дешам мен команда капитаны Килиан Мбаппені сынға алды.

Наразылық жаппай тәртіпсіздікке ұласып, кейбір топтар қала инфрақұрылымын бүлдіріп, көшелердегі автокөліктер мен қоқыс жәшіктерін өртеген.

Еске сала кетейік, жеңілістен кейін бас бапкер Дидье Дешам матчтың бас төрешісін сынға алды. Ол төреші бірнеше даулы сәтті, соның ішінде Ямальдың Мбаппеге қарсы тәртіп бұзушылығын назардан тыс қалдырды деп айыптады.

Көп оқылғандар