Жайық news

Филиппинде жолаушылар паромы суға батты: 15 адам қаза тауып, 43 адам із-түссіз жоғалды

Филиппиннің оңтүстігіндегі Басилан провинциясының жағалауында жолаушылар паромы суға батып, кем дегенде 15 адам қаза тапты, тағы 43 адам із-түссіз жоғалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

M/V Trisha Kerstin 3 кемесі Самбоанга қаласынан Холо аралына бара жатқан. Ол дүйсенбіге қараған түні Балукбалук аралының маңында апатқа ұшыраған.

Бортта 350-ден астам адам болғаны айтылады. Құтқарушылар 316 жолаушыны аман алып қалды.

Филиппин жағалау күзеті кемеге шамадан тыс жүк артылмағанын мәлімдеді. Апаттың нақты себебі әзірге белгісіз.

Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оған аймақтағы барлық құтқару күштері жұмылдырылған.

Фото: Әлеуметтік желіден

Көп оқылғандар