Categories Саясат

Фармацевтикалық өндірісті дамытуға ерекше мән берілмек

Мемлекет басшысы Жолдауында Үкіметке халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін бақылаудың жаңа жүйесін жасанды интеллект технологиялары арқылы құруды тапсырды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы: «Қазақстан үш жылдың ішінде цифрлық елге айналуы тиіс» деп атап өтті. Сонымен бірге өзіміздің стратегиялық маңызы зор фармацевтикалық өндірісті дамытуға ерекше мән берілетіні айтылды.

Бұл міндеттер біздің салаға да тікелей қатысты. Жұқпалы аурулар қызметі эпидемиологиялық қауіптермен күресу ғана емес, сонымен қатар заманауи цифрлық технологияларды пайдалана отырып, халыққа сапалы көмек көрсету жауапкершілігі болып табылады.

Медициналық ақпараттық жүйелер кезең-кезеңімен енгізілуде, телемедицина кеңеюде, пациенттерді Face ID арқылы сәйкестендіру жобалары іске қосылуда.

Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесі енгізіліп, госпитальдық фармация бөлімшелері ашылуда. Сонымен қатар «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында алдағы жылдары жаңа нысандар салу, жұмыс істеп тұрған мекемелерді күрделі жөндеу, аудандық ауруханаларды көпсалалы сипатқа көшіру жоспарлануда.

Жұқпалы аурулар қызметінің негізгі мақсаты – халықтың денсаулығын сақтау.

Біз Ел Президенті Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыруға белсене атсалысып, заманауи технологияларды енгізуді жалғастырамыз.

Тимур ӘЖІҒАЛИЕВ,

БҚО жұқпалы аурулар ауруханасының директоры

Ұқсас жазбалар

«Әділет» партиясы облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

«Әділет» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалында конференция өтті. Оның қорытындысы бойынша филиал басшысы, Саяси кеңес…

Мемлекет басшысы әлем технологиялық жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты

✔️Президент жасанды интеллект жаһандық дамудың қозғаушы күшіне айналады деп санайды. – Мемлекеттің инвестициялық саясатында жасанды…

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…