Басты тақырып

Еуропада аптап ыстықтан 10 мыңнан астам адам қайтыс болды

Сурет: Ашық дереккөз

Биыл жазда Еуропадағы аптап ыстық салдарынан 10 мыңнан астам адам көз жұмды. Мұндай деректі Еуропалық өлім-жітімді мониторингтеу бағдарламасы EuroMOMO жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Зерттеушілер Еуропаның 27 еліндегі статистикалық мәліметтерді талдаған. Маусым айының соңында өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Франция мен Бельгияда тіркелді.

Германияда аптап ыстықтан 5 мыңнан астам адамның қаза тапқаны расталды. Ал Англия мен Уэльсте қалыптан тыс ыстық тағы 2 мың 700 адамның өмірін жалмады.

Құрбандар саны бойынша Милан, Париж және Барселона қалалары алдыңғы қатарда тұр. Қаза болғандардың басым бөлігі – 65 жастан асқан адамдар.

Сарапшылардың айтуынша, аптап ыстық созылмалы аурулары бар адамдар үшін аса қауіпті. Өйткені жоғары температура жүрек-қан тамырлары ауруларының асқынуына жиі себеп болады.

Көп оқылғандар