Сурет: Ашық дереккөз
Мемлекет басшысының Жарлығымен Есет Берікұлы Байкен Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Есет Берікұлы Байкен 1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Ол Қазақ гуманитарлық-заң университетінде «Қаржы» мамандығы бойынша орта арнаулы және жоғары білім алған. Сонымен қатар Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білімін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. 2022 жылдан бері Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды.
Мазмұнға өту
