Categories Жайық news

Ертістегі өрт: Ауруханада жатқан тағы бір бала көз жұмды

Павлодар облысының Ертіс ауылында қаңтарда болған өрттен зардап шеккен тағы бір сәби көз жұмды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл туралы өңірлік денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Дәрігерлердің айтуынша, бала бүгін таңертең ауруханада қайтыс болған. Оның өліміне күйік ауруы себеп болды. Сәбидің жағдайы басынан аса ауыр болып, уақыт өткен сайын нашарлай берген – ағзасы қатты уланып, полиорганды жеткіліксіздік дамыған.

«Бала облыстық балалар ауруханасына аса ауыр жағдайда жеткізілді. Оның басы мен денесін, тыныс алу жолдарын термиялық күйік шалған, сондай-ақ иіс газына қатты уланған. Денесінің 38-40 пайызын күйік шалған еді», — деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 15 қаңтар күні таңертең Ертіс ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болған еді. Бұған дейін екі баланың қаза тауып, тағы екеуі ауыр халде ауруханаға түскені хабарланған. Осылайша, өрттен қаза тапқан балалар саны үшеуге жетті.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…