Басты тақырып

«Ертіс орманы» резерватында өрт шығып, оны сөндіру жұмыстары жүргізілуде

Сурет: Egemen Qazaqstan

21 тамызда Қазақстан бойынша бір ғана орман өрті тіркелді. Ол «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында орын алған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Өрт ошағы әуе және жерүсті мониторингі кезінде анықталған. Оны ауыздықтау үшін қажетті күштер мен техника дереу жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта оқиға орнында орман шаруашылығы қызметкерлері, «Қазавиаорманқорғау» мамандары және өрт сөндіру техникасы жұмыс істеп жатыр. Негізгі күш өрттің таралуына жол бермеуге бағытталған.

Мамандар азаматтарды өрт қаупі жоғары кезеңде табиғи аумақтарда сақ болуға шақырады. Орманда отты қараусыз қалдырмау және жанғыш материалдарды абайлап пайдалану қажет.

Көп оқылғандар