Басты тақырып

Ерлан Қарин: Мемлекет басшысының бастамасымен тарих саласында ауқымды өзгерістер орын алды

Сурет: Egemen Qazaqstan

ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин Қазақстан тарихының көптомдық академиялық басылымын әзірлеу жөніндегі Редакциялық алқаның қорытынды отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен тарих саласында ауқымды өзгерістер орын алғанын жеткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы отандық тарих мәселелеріне ерекше көңіл бөліп келеді. Президенттің жаңа бастамалары мен идеялары отандық тарих ғылымына түбегейлі бетбұрыс әкелді. 4-5 жыл ішінде кем дегенде он жылдар бойы атқарылатын жұмыстар бірден қолға алынып, жүзеге асырыла бастады», деді Ерлан Қарин Редакциялық алқаның қорытынды 14-ші отырысында.

Оның айтуынша, Президенттің бастамасымен отандық тарих саласында басқа да маңызды жұмыстар жүзеге асырылды.

«Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы бастама көтерді. Нәтижесінде 2,5 миллионнан астам архивтік материалдан құпиялылық грифі алынып тасталды. Президент шет мемлекеттердің архивтері мен кітапханаларында сақталған Қазақстан тарихына қатысты құжаттарды елге әкелуге бастамашылық етті. Бұл іс «Архив-2025» жобасы аясында жүзеге асырылды. Осы жылдар аралығында төл тарихымызды жаңғыртуда үлкен бетбұрыс жасалды. Соның бірі – Қазақстан тарихының академиялық көптомдығы», деді Ерлан Қарин.

Көп оқылғандар