Спорт

Еркетаң Жарқынбек 19 жасқа дейінгі әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Сурет: gov.kz

Еркетаң Жарқынбек Черногорияның Будва қаласында өткен 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

90 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Еркетаң алғашқы жекпе-жегінде мексикалық Рамиро Нуньесті 5:0 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Ширек финалда ол Германия өкілі Йоан Эрнандесті 3:2 есебімен ұтып, жартылай финалға шықты. Осы жеңіспен Еркетаң әлем чемпионатының жүлдегері атанды. Алайда жартылай финалда украиналық Владислав Науменкоға 1:4 есебімен жол беріп, жарысты қола медальмен аяқтады.

Айта кетейік, 70 келіде сынға түскен Бибарыс Әшірбай да қола жүлде еншіледі. World Boxing ұйымы ұйымдастырған әлем чемпионаты 16-27 қазан аралығында өтті. Байрақты бәсекеге 69 ұлттық федерациядан 474 боксшы қатысты.

Көп оқылғандар