Сурет: samrukkazynaofficial
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен Елжас Мұратұлы Отыншиев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Елжас Отыншиев Мәскеу физика-техникалық институтын «Жалпы және қолданбалы физика» мамандығы бойынша бакалавриат және магистратура бағдарламаларын тәмамдаған. Еңбек жолын 2007 жылы Ernst & Young компаниясының Мәскеу кеңсесінде бизнесті бағалау және мәмілелерді сүйемелдеу департаментінің консультанты ретінде бастаған.
2009-2019 жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ мен оның еншілес компанияларында жұмыс істеді. 2023 жылы сәуірден бастап тағайындалғанға дейін «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры – Басқарма мүшесі қызметін атқарды. Бұл лауазымда қордың мұнай-газ, теміржол, тау-кен және басқа да салалардағы портфельдік компанияларын басқаруға жауапты болды.
Мазмұнға өту
