Categories Жайық news

Елордадағы зәулім үй өртенді: 15-қабаттан үш баланың денесі табылды

Астанада түнде көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірі өртеніп, салдарынан үш бала қаза тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға Есіл ауданындағы Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үй кешенінде болған. Тілсіз жау 15-қабаттағы пәтерден шыққан.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл жеткен.

«Алғашқы топтар оқиға орнына бірден жетті. Жалын толықтай ауыздықталды. Өртті сөндіру барысында жанып жатқан пәтерден күйік шалған әйел құтқарылып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды», — деп хабарлады ТЖМ.

Зардап шеккен әйел №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, құтқарушылар пәтер ішінен кәмелетке толмаған үш баланың денесін тапты.

Өрт кезінде жоғарғы қабаттардан 20 адам эвакуацияланды, тағы 40-қа жуық тұрғын қауіпсіз жерге өздігінен шыққан.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Қала әкімдігі қаза тапқан балалардың отбасына және зардап шеккен әйелге тиісті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Баспана, медициналық көмек және жеңілдіктер: мәдениет саласындағы әлеуметтік қолдау тетіктері

Елімізде мәдениет саласы қызметкерлерін әлеуметтік қолдау бағытындағы шаралар кезең-кезеңімен күшейтіліп жатыр. Аталған бағыттағы жұмыстар Мемлекет…

Студенттер экологиялық сағат өткізді  

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті Жәңгір хан атындағы…

Астанада дрон көмегімен заңсыз топырақ ұрлағандар анықталды

Астана полициясы дрон арқылы мониторинг жүргізіп, Айтматов көшесінде топырақ ұрланып жатқанын анықтады.