Сурет: ІІМ
Ішкі істер министрлігінің дерегінше, жыл басынан бері Астанада әртүрлі жастағы азаматтардың із-түзсіз жоғалуына байланысты 3 мыңнан астам өтініш тіркелген. Балық аулауға немесе серуендеуге шығып, түрлі себептермен хабарласпай қалған адамдар жиі кездеседі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жоғалған адамдардың орнын анықтау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары маңызды рөл атқарады. Дрондар жер үстінен іздеу қиын немесе мүмкін емес жағдайларда, атап айтқанда су айдындарында, қалың қамысты аумақтарда, орман белдеулерінде, батпақты жерлерде және қалалық бейнебақылау жүйесі қамтымаған аймақтарда қолданылады.
«Дрондар жетуі қиын жерлердегі іздеу жұмыстарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бірқатар жағдайда әуеден жүргізілетін мониторинг із-түзсіз жоғалған адамдарды табуға немесе олардың болуы мүмкін аумағын нақтылауға ықпал етеді», делінген хабарламада.

