Басты тақырып

Елорда күні елімізде 448 сәби дүниеге келді

Сурет: istockphoto.com

Астана күнінде Қазақстанның перзентханаларында 448 нәресте дүниеге келді. Оның 223-і ұл, 225-і қыз. Мереке күні екі егіз де туылды, екеуі де Астана қаласында, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облысында 67 сәби дүние есігін ашты. Алматы қаласында – 44, Шымкент қаласы мен Алматы облысында 40 нәресте дүниеге келді. Қызылорда облысында үшем туылды.

Денсаулық сақтау министрлігі жаңа туған нәрестелердің ата-аналарын құттықтап, бүлдіршіндерге зор денсаулық, баянды ғұмыр, бақытты балалық шақ және амандық тіледі.

Көп оқылғандар