Сурет: Pixabay
«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына болжам жасады. 10 тамызда Жезқазған мен Алматыда, ал түнде Астана, Атырау, Қарағанды, Теміртау, Өскемен және Семейде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың жиынтығы, мысалы, тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман және инверсия. Мұндай жағдайда елдімекендердегі ауа сапасы нашарлауы мүмкін.
Айта кетейік, Петропавлда өткір жағымсыз иіс пайда болып, тұрғындардың мазасын алды. Ал Орал тұрғындары полигон түтінінен тыныс алу қиындағанын айтып шағымданған. Сондай-ақ Алматыда биыл 42 жүк көлігі айыппұл тұрағына қойылды.
Мазмұнға өту
