Сурет: видеодан алынған скрин
2026 жылы 10 тамызда республика бойынша 6 орман өрті тіркелді, деп хабарлайды ҚР Экология министрлігінің баспасөз қызметі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Өрттер Ақтөбе облысында, Жетісу облысында, Қостанай облысында және «Семей орманы» МОТР аумағында тіркелді. Өрт сөндіруге мемлекеттік орман мекемелерінің күштері мен құралдары, сондай-ақ «Казавиаорманқорғау» РМҚК әуе десанттары мен су төгу құрылғысы бар тікұшағы жұмылдырылды.
«Казавиаорманқорғау» РМҚК қызметкерлерінің әуе патрульдеуі барысында және өрттерді жедел анықтау жүйесі арқылы өрт ошақтары анықталған сәттен бастап жедел хабарлау арқылы қажетті күш құралдар уақытылы өрт орнына жетіп, аз уақыт ішінде оқшаулап, толық сөндірді. Аптап ыстықтың кезінде табиғат аясында демалушыларды өрт қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамыз», — делінген хабарламада.
Бұған дейін Қазгидромет ауа райы болжамын жариялап, бірқатар өңірде өрт қаупі туралы ескерткен еді.
Мазмұнға өту
